Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Білім басқармасы алқа отырысы өтті

22.02.2025, 14:24 43

Басқарма басшысы Асқарбек Есжанов және қалалық, аудандық білім бөлімі басшылары мен сала мамандарының қатысуымен білім саласының облыстық алқа мәжілісі өтті.

Алқада 2025 жылдың жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы мен жалпы жыл көлемінде атқарылатын жоспарлар туралы айтылды.

Мәжілістің күн тәртібіндегі бірінші мәселе мектептердегі ыстық тамақтың берілуіне қатысты талдамалы жұмыстар жасалып, кемшілікке жол берген мамандарға ескерту берілді. Басқарма басшысы «Әлеуметтік әмиян» жобасы, бракераж комиссия жұмысын жүргізу, ыстық тамақты ұйымдастыру, нормативтік құжаттарды түсіндіру бойынша білім беру ұйымдарының басшыларына оқыту семинарларына әлеуметтік педагогтермен бірге мектеп директорларының толық қатысуын, аудандық, қалалық сараптама топтардың жұмысын күшейтуді, аудандық, қалалық сараптама топтардың жоспарын бекіту және тоқсан сайын сараптама топтың есебін, облыстық сараптамалық топпен анықталған кемшіліктерді болдырмау мақсатында іс-шара жоспарын әзірлеп, оның орындалуы туралы ақпаратты басқармаға жолдауды міндеттеді.

Мәжілісте кеңінен талқыланған екінші мәселеде PISA 2025 халықаралық зерттеуіне, білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингіне қатысатын білім беру ұйымдары жұмыстарының ұйымдастырылуын қатаң бақылауда ұстауды, мектептердің дайындық барысын қадағалауды, өткен жылдардағы нәтиженің білім саласындағы атқарылған қыруар жұмыстарды жоққа шығарғандығы айтылды.

Келесі кезекте ҰБТ-ның қаңтар-ақпан айларының корытындысы, мемлекеттік аттестаттау барысында еткізілген кешенді тестілеу нәтижелері, 5-8, 10-сыныптар арасында өткізілетін емтиханға дайындық жұмыстары туралы, педагогтерді аттестациядан өткізу бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізу керектігін жеткізді.

Мұнымен қоса, басшы ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап барлық сыртқы тынығу лагерьлері мен орталықтардың дайындығын бастау,
облыстық төтенше жағдайлар, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінен балаларды қабылдауға рұқсат анықтамасын алуды ұйымдастыру, облыстан тыс жазғы демалыс лагерьлерімен қамтылуы бойынша жұмыстарды бастау керек деді.

Ең негізгі мәселе кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алудағы жұмыстарды күшейтуді, облыстық психологиялық орталыққа білім беру ұйымдарының психолог мамандарына арнайы семинарлар, тренингтер ұйымдастыруды, аудандық, қалалық білім бөлімдері басшыларына балалардың беймезгіл уақытта ата-анасы немесе заңды өкілінің қадағалауынсыз жүрмеуін бақылауға алуды, рейдтік топтарға белсенді ата-аналармен, ювеналды полиция инспекторларымен бірлесіп, күнделікті, алдағы аптадан бастап жұма күндері міндетті түрде, Ораза айы кезінде күнделікті рейд жұмыстарын ұйымдастыруды жүктеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету мен арыз-шағымдарға қатысты талаптардың сақталмауы, берілген жауаптардың сапасыздығы бойынша білім беру ұйымдарына Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс пен Қағидалардың нормалары бойынша оқыту семинарлар өткізуді, сатып алу жұмыстары мен күрделі жөндеу жұмыстарының ұйымдастырылуы туралы 1 тоқсанның корытындысы бойынша қаржы игеру жұмыстары туралы ақпарат беру тапсырылды.

Ағымдағы мәселелер, атап айтқанда кадрлык камтамасыз ету, мектептің даму жоспары, нысаналы индикатор көрсеткіштері, БАҚ жарияланымдары, меншік нысанына қарамастан әрбір білім беру ұйымы өз аумағындағы сыртқы тазалық жұмыстарын қолға алуын және тағы басқа мәселелер бойынша көрсеткіштері төмен аудандарға ескертулер берді.

Алқа отырысының қорытындысымен басқарма басшысы алдағы аптада өтетін мәжілісте жоғарыда аталған тапсырмалардың орындалуы бойынша баяндауды ұсынды.

©️Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: