Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Басты талап – оқушылардың білімін өмірде қолдануға үйрету

08.09.2020, 18:30 560

HALYQLINE.KZ Бүгін «Халықаралық сауаттылық» күніне орай облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова мен Қорқыт ата мемлекеттік университетінің ректоры Бейбіткүл Кәрімова баспасөз брифингін берді. Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте басқарма басшысы адами капитал сапасын арттыру, өңірде білім көрсеткіштеріне тоқталды.

– Қазір білім берудің парадигмасына сай оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру – басты талап. Яғни, мектеп жасындағы балалардың алған білімін өмірде қолдану қажеттілігі басты орынға шығып отыр. Мұны біз функционалдық сауаттылық дейміз. Жаңартылған білім беру мазмұнына көшудегі басты мақсатымыз да – осы. Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу 2016 жылдан 1-сыныптардан басталса, биыл 11-сыныптармен толық аяқтайды, – дейді Ақзира Қасымова.

Брифингте Ақзира Қасымова дарынды балалардың әрбір идеясы қолдау табатынын және өңірдегі ауыл балаларына арналған жобалар туралы атап өтті.

– Өңірде дарынды балаларды демеу шаралары жаңа деңгейде дамиды. Талапты, инновациялық идеяларға құмар, жанашыл озық жобаларды жүзеге асыратын жас өнертапқыш жастардың жобалары өңірде іске асатын болады. Биылдан бастап Назарбаев зияткерлік мектебімен бірлесіп «Ауыл мектебі» пилоттық жобасы іске асуда. Қазір біз Жаңақорған, Сырдария аудандары мен Қызылорда қаласындағы 3 ауыл мектептерінде жүргізілді. Енді бұл тәжірибе барлық мектепке енгізілетін болады, – деді Ақзира Қасымова.

Ал, университет ректоры Бейбіткүл Кәрімова оқу орнындағы жаңашылдықтар мен грант мәселесіне тоқталды.

Қызылорда облыстық білім

басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: