HALYQLINE.KZ –| Облыс әкімінің 2020 жылдың 29 сәуірдегі өкімімен төтенше жағдай кезеңі аяқталғанға дейін уақытша Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы лауазымына Қасымова Ақзира Бақтыбайқызы тағайындалды.
Ақзира Бақтыбайқызы 1979 жылы дүниеге келген.
2000 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін физика, қосымша математика пәндерінің мұғалімі, 2018 жылы Қаржы академиясын Экономика және бизнес магистрі мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы №15 Қызылорда қалалық гимназияның физика пәнінің мұғалімі ретінде бастаған.
2000-2008 жылдары – Қазалы ауданының білім бөлімінің басшысы, 2017-2019 жылдары – Қызылорда облысының білім басқармасының басшысының орынбасары лауазымында жауапты қызметтерін атқарған.
2019 жылдың сәуір айына дейін Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!