Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аятжан Ахметжанұлы: Білім беру орталықтарының көбеюі Қазақстанда білім сапасының нашарлығын көрсетеді

13.09.2023, 10:05 362

HALYQLINE.KZ

Таяқтың екі ұшы бар. «Қосымша» деп отырғанымыз – білім беру орталықтарының бизнесі. Орталықтардың көп болуы білім бәсекесіне оң әсер етсе ғой…

– Білім беру орталықтарының көбеюі – Қазақстанда білім сапасының нашарлығын көрсетеді. Мен де жекеменшік білім беру орталығын, жекеменшік мектеп ашып, жүргізіп отырған педагогпын. Егер мектепте білім сапалы болса, жұрт баласын білім беру орталығына сүйрейтін бе еді? Мектепте қанағаттанарлық білім берілсе, ата-ана артық шығындалып, білім беру орталықтарын іздей ме? Неге білім беру орталықтарында дайындалған оқушылар ҰБТ-дан жоғары балл алады? Неге 10-11-сынып оқушылары үшін ҰБТ-ға дайындайтын арнаулы мектептер ашылды? Мұның бәрі мектептегі білімнің сапасыздығынан. Білім сапасының нашарлауына, оқушылар толыққанды білімді орталықтардан алуға амалсыз көндіріп отырған «перде» артында мүдделі топ бар ма деп ойлаймын. Яғни жұрттың қалтасын қағуға жұмыс жасайтын топ бар ма деп күмәнданамын.

Өзім сияқты жекеменшік мектептердің басшылары маған «Сен неге шырылдайсың? Бизнесің жүріп жатыр. Мемлекеттік мектептің мүддесі үшін неге шыр-пыр боласың? Қайта саған мемлекеттік мектептердің сапасыз болғаны жақсы емес пе, оқушы саған көп келеді» дегенді айтады. Қара басымның қамын ойласам, үндемес едім. Бірақ бұл жерде мемлекеттік мүдде, ұлттық мүдде тұр. Қаншама бала бар: білім алуға деген ниеті жақсы, бірақ орталыққа баратын ақшасы жоқ, мектептен толыққанды білім ала алмайды.

«Жас Алаш» газетіне берген сұхбатынан.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: