Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

3 миллион доллар сыйлық ұтып алды

04.10.2020, 11:00 518

HALYQLINE.KZ Австрия текті британиялық профессор Мартин Хайр фейсбуктің құрушысы Марк Цукербергтің ғылым қорынан бөлінген 3 миллион доллар сыйлықты ұтып алды.

Ғылымға бөлінген бұл әйгілі қорды Марк Цукерберг және әйелі, гуглдің негізін салушы Сергей Брин, ресейлік кәсіпкер Юрий Милнер және әйелі бірлесіп құрған.

2021 жылға бөлінген сыйлық ақшаны ұтып алған математиктің негізі еңбегі шайдің қозғалысын зерттейтін теңдеуді дамытқаны екен.

Айтуға қызық көрінгенімен шайдің қозғалысын зерттейтін бұл теңдеу «Кездейсоқ ретсіз қозғалыстың дифференсалдық теңдеуі» деп аталады, яғни ғылыми тілмен айтсақ, Стохистк парсиялды дифференсалдық теңдеулер (Stochastic Partial Differential Equation).
Бұл теңдеулердің көмегімен кеңістіктегі кезкелген уақыттағы ретсіз қозғалыстарды, жұмсақ қағазға судың таралуы, бактериялардың өсу қозғалысы және жарна базарындағы жарнаның ретсіз қозғалысын анықтай алады екен. және де тасқын су, өрт апаттары кездерінде олардың қозғалысын алдын ала біліп, алдын алуға көмегін тигізетін теңдеу екен.

43 жастағы бұл жас профессор Мартин Хай мен оның әйелі математик профессор Шүуе Мый Ли (Xue Mei Li) Лондондағы әйгілі университет Империал Коллиж де істеп жатқанына 3 жыл болған екен. Лондонда үй қымбат болғандықтан 3 жыл бойы пәтер жалдап тұрады. Енді «3 миллион доллар қолға тисе, бірінші үй аламын» деп отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: