Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жекеменшік балабақшаның көбінің нысаналы мақсаты кәсіпкерлікке өзгертілген

19.04.2024, 10:10 309

HALYQLINE.KZ

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте аймақтағы білім саласының өзекті мәселелері, оның ішінде жекеменшік балабақшаларды заңдастыру барысы талқыланды.

Аймақ басшысы жекеменшік бөбекжайларының басым көпшілігінің нысаналы мақсаты кәсіпкерлік болып өзгертілгенін атап өтті.

«Аймағымызда қазіргі таңда 460 жекеменшік балабақша жұмыс істейді. Оның 416-сының немесе 90,4%-ның нысаналы мақсаты кәсіпкерлікке өзгертілген. Қалған 44 балабақшаны рәсімдеу жұмыстары заң талаптарына сай жүргізілуі тиіс», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Айта кетейік, нысаналы мақсаты өзгертілмеген балабақшалар Қызылорда қаласында, Жаңақорған мен Жалағаш аудандарында екен. Сондықтан жауапты тұлғаларға мәселені бақылауға алу тапсырылды.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: