Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жастар бағдарламасымен жұмысқа тартылған 2 360 маманға жалақы төленбей келген

08.04.2025, 9:15 202

Қызылорда облыстық прокуратурасы жыл басынан бері 7145 жұмысшының құқығын, оның ішінде 6342 адамның конституциялық құқығын қорғады.

6 жұмыс беруші әкімшілік, 6 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

«Қадағалау актісі негізінде 601,3 млн теңге жалақы өндірілді. Мысалы, «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында жұмыспен қамтылған 2360 жасқа 264 млн теңге жалақы қарызы төленді», – деді Ризабек Ожаров. 

Қадағалаушы орган еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша да кемшіліктер тапты.

Облыстағы 8 мыңнан астам жұмыс беруші жұмысшыларын жазатайым оқиғалардан міндетті түрде сақтандыру туралы шарт жасамаған. Оның арасында күріш өсіру саласындағы іргелі құрылым — «Абзал және К» серіктестігі де бар. Компания 511 адамға байланысты шарт жасамаған. Кемшіліктер бойынша қадағалау актісі енгізіліп, нәтижесінде 55 жұмыс беруші 500-ден астам жұмысшысын жазатайым оқиғадан сақтандырды. 

Облыстық прокуратура осыған дейін Қызылордада іссапар шығынын өз шотына аударған бас есепшілер тергеліп жатқанын мәлімдеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: