2-7-сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық «Зерде» конкурсының І аудандық кезеңінде химия, биология секциясы бойынша №85 орта мектебінің 3-сынып оқушысы Ғарифулла Айқын жүлделі II орынға ие болды. Бұл – білімге құштарлық пен тынымсыз еңбектің айқын нәтижесі.
Ғылыми жоба «Лимон – табиғаттың дезодоранты» тақырыбында дайындалып, оқушы табиғи өнімдердің адам өміріндегі маңызы мен пайдасын ғылыми тұрғыда зерттеді. Жоба барысында лимонның бактерияларға қарсы қасиеті, жағымсыз иістерді жоюдағы тиімділігі және оны тұрмыста қолдану жолдары жан-жақты қарастырылды. Зерттеу жұмысы өзектілігімен, тәжірибелік бөлігінің нақтылығымен және ғылыми дәлелдемелерімен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Жас зерттеушінің бұл жетістігінде жетекшісі ретінде ғылыми ізденіс бағыт-бағдарын көрсетіп, зерттеу жұмысын жүйелі түрде жүргізуіне қолдау көрсеттім. Ұстаз бен шәкірттің бірлескен еңбегі нәтижесінде жоба жоғары деңгейде қорғалды.
Ғарифулла Айқынның бұл жеңісі – тек жеке жетістік қана емес, білім ордасының, ұстаздар қауымының және жас ұрпақтың ғылымға деген қызығушылығының артып келе жатқандығының дәлелі. Осындай зерделі, ізденімпаз оқушылар еліміздің ғылымы мен болашағының жарқын кепілі болары сөзсіз.
Жас зерттеушіге алдағы уақытта да биік белестер мен жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз!
Эльмира Тиыштыбайқызы,
№85 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
Қармақшы ауданы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!