Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Шағала» жазғы тынығу лагері өз жұмысын бастады

07.06.2024, 11:15 226

HALYQLINE.KZ

Биыл Қазалы қаласындағы «Шағала» балаларды сауықтыру демалыс орталығы жылдағы дәстүрге сай өз жұмысын бастады, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Демалыс лагерінің жазғы маусымының ашылу салтанатына аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет қатысып, өнерлі жеткіншектердің концерттік бағдарламасын тамашалады. Сондай-ақ жазғы демалыс кезінде балалардың жақсы тынығып, уақыттарын тиімді пайдалануларына тілектестігін білдірді.

Қазіргі таңда тынығу лагерінде 125 оқушы демалуда. Балалар мұнда бес мезгіл тамақтанады. Олардың уақытты көңілді әрі тиімді өткізуі үшін 8 тәрбиеші еңбек етеді. Сол секілді демалушылардың денсаулығына арнайы дәрігер мен стоматолог жауап береді.

Айта кетейік, демалыс лагері биыл жылдағы дәстүрге сай жазғы маусымда 7 ауысым ұйымдастырып, әр ауысым бойынша 125 оқушыдан, 900-ге жуық баланы қабылдамақ. Мұнда балалардың бос уақытын тиімді өткізу үшін 13 үйірме жұмыс істейтін болады.

Аудан басшысы лагерьдің ашылу салтанатынан кейін демалыс орталығындағы балаларға арналып салынған сахнаны, бассейн, жататын орын мен асхананы аралап көріп, аудандық білім бөлімінің басшысы мен орталық директорына балалардың қауіпсіздігін басты назарда ұстауды тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: