Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада бір айлық сәби ТЖМ тікұшағымен ауруханаға жеткізілді

15.02.2026, 12:01 35

Қызылорда облысының Төретам кентінен бір айлық сәби шұғыл түрде Қызылорда қаласына эвакуацияланды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі kazinform сайтына сілтеме жасап.

Шұғыл медициналық көмек көрсету үшін кезекті санитарлық рейсті ТЖМ «Қазавиақұтқару» авиакомпаниясының тікұшақ экипажы орындады.

«Әуе кемесінің бортында экипажбен бірге баланы ертіп жүрген медицина қызметкерлері болды. Ұшқыштардың кәсібилігі мен медициналық бригаданың үйлесімді жұмысының арқасында ұшу сәтті өтті. Бала медициналық мекемеге жеткізілді және мамандардың бақылауына берілді», делінген ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: