Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қаланың бас полицейі екі бүлдіршіннің тұсауын кесті

18.03.2024, 16:50 274

HALYQLINE.KZ

Биылғы жыл бұрынғыдан өзгерек. Олай дейтініміз, 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні мерекесінің әр күнін ерекше атап өту мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Наурызнама» мазмұны жарияланды.

Ырыс пен ынтымақтың бастауы болған Наурыз мейрамы сән-салтанатымен Серәлі Лапин атындағы №261 мектебінде «Мәдениет және салт-дәстүр» күні ретінде ерекше атап өтілді.

Ұлық мерекеге орай Қызылорда қаласы Полиция басқармасының бастығы Айдар Қасанов арнайы қонақ ретінде шақырылды.

Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұлттық нақышта керемет безендірілген киіз үй мен онда койылған халқымыздың тұрмыста қолданатын заттары, түрлі спорттық ойын, айтыс өнері іс-шараның шырайын кіргізді.

Айтулы мереке қарсаңында бір мезетте жиырма бір баланың тұсауы кесілді. Мектеп әкімшілігі елін қорғайтын, Қазақстан Республикасына қызмет етемін деген антына берік болған басқарма бастығы Айдар Демегенұлына ырымдатып ел ұстар азамат болсын деп Сабыржан Замирұлы мен қызғалдақтай ерке Аяла Бекзатқызының тұсауын кесті. Полиция полковнигі бүлдіршіндерге «өмірі шуақты болсын, тағдыр жолында сүрінбей алға ұмтылсын» деп ақ батасын беріп, сыйлығын тарту етті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: