Адам өсе келе болашағы туралы көп ойланады екен. Жастық шақтың қалай өткенін байқамай да қаласың. Өмірдегі мақсаттардың бірі бескүндік мына дүниеде өз орнын табу емес пе? Қазіргі таңда жастардың шамамен 70%-ы өз мамандығының болашағына алаңдайды. Себебі кей мамандықтардың ғұмыры ұзаққа барып жатқан жоқ. «Алдағы өмірім қандай болмақ? Болашақта кім боламын?» деген сұрақтар көпті ойландырады.
Мен бала кезімнен дәрігер боламын деп армандағанмын. Дәрігер болып, ата-анамды, әжемді емдеймін деуші едім. Әрине, балалық шақта түрлі мамандықта өзінді елестету заңдылық. Ал, 10 жасымда «Анам секілді мұғалім боламын, оқушыларға білім нәрін себемін» деп армандаушы едім. Осы пікір бойынша ізденіп, арманымды мақсатқа айналдырған секілдімін. Қазір 14 жастамын. Әлі сол арманымнан таймай, керісінше, сол мақсатқа жетудің жолын қарастырып, қазірден ізденісті бастап кеттім.
Мені «Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға», – деп тәрбиелеген ұстазым Фариза Коммунаеваға алғыс айтамын. Әр уақытта өз тәжірибесімен бөлісіп, ақылын айтып отырады. Ұстазымның айтуынша, мамандық таңдау – адам өміріндегі ең қиын дүние. Егер де сен мамандығыңды бар ынтаңмен оқып, жұмысты істер болсаң, саған ол өз рақатымен келіп, жаныңды ауыртатын емес, жаныңды жасартатын, жарқырататын болады. Сол себепті мамандық таңдарда терең ойланып, бір нақты шешімге келелік. Өзіңе жақын, жанашыр адаммен ақылдасқан абзалырақ.
Мен не себепті қазақ тілі мұғалімі болғым келеді? Барша қазақ баласының зейінін ашып, атағын көкке жеткізу – әр ұстаздың борышы. Өз оқушыларыңның сүйікті ұстазы болу – барлық болашақ мұғалім мамандығын қалаушылардың арманы. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні дей келе, әр адам өзіне сай мамандықты тауып, таңдап, өзіндік шын ниетімен, махаббатымен жасай алса, қазақ елінің дамуына жаңа бір қадам деп білемін.
Алуа Қайыржанқызы,
Е.Әуелбеков атындағы №4 облыстық мамандандырылған
мектеп-лицей-интернатының 8 «А» сынып оқушысы
Алла тил козден сактасын
Жарайсын❤
Алла болашагы ак болсвн
Жарайсынн арманына жет😉😉
Бәрекелді, Алуа Қайыржанқызы. Ұстаз болам деген ниет өте керемет екен.
Алла мақсатыңа жеткізіп, болашақта мемлекетіміздің балаларын білімді және ақылды қылып тәрбиелейтініңе сеніміміз зор. Еліміздің білімді, білікті ұстазы болуыңа тілектеспіз.
Алла ниетіңді қабыл қылып, жолыңды оңғарсын.
❤️❤️❤️