Балабақшалар балаларды мектепке дейін оқытуға міндетті болады. Заңға енгізілген түзету – мектепке дейінгі дайындықтан өткен балалардың 31 шілдеге дейін балабақшада қалуына мүмкіндік береді, – деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталған норманы мәжілісмендер мәдениет және білім беру мәселелері бойынша заң жобасына өзгеріс енгізу аясында мақұлдады.
Бұған дейін ата-аналар балалары 6 жасқа толған соң балабақшадан босатылып, оқу жылы басталғанша мектепке де бара алмайтыны туралы шағымданған еді.
Мәжілістің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, түзетулер – Оқу-ағарту министрлігіне мемлекеттік тілде оқытатын бастауыш сынып оқушыларына бейімделу бағдарламаларын әзірлеуге өкілеттік береді. Бұл қазақ тілін жеткілікті меңгермеген балалардың қосымша дайындалуына мүмкіндік береді.
Сондай-ақ заң жобасында мектепке дейінгі ұйымдарды салу үшін бөлінген жер учаскелерін жеке меншікке беруге тыйым салу белгіленген.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!