Демалыс уақытында балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беру қажет. Осыған байланысты ювеналды полиция бөлімшесі ата-аналар мен жасөспірімдерді сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырады.
- Қоғамдық орындарда үлкендерге де, қатарластарыңызға да сыпайы болып, тәртіп пен әдеп нормаларын сақтаңыз.
- Көшеде және жолдың жүру бөлігінде абай болып, жол қозғалысы ережелерін қатаң ұстаныңыз.
- Қоғамдық көлікке міну және түсу кезінде, сондай-ақ аялдамада тұрған сәтте сақ болыңыз.
- Ойын кезінде белгіленген ережелерді бұзбай, өзгелерге құрметпен қараңыз.
- Бейтаныс адамдармен сөйлеспеңіз, олардың шақыруына немесе ұсынысына ермеңіз.
- Қараңғы жерлерде, құрылыс алаңдарында, бос жатқан аумақтарда, қараусыз қалған ғимараттарда, теміржол мен автожол маңында ойнамаңыз.
- Қайда баратыныңызды ата-анаңызға немесе жақындарыңызға алдын ала айтып жүріңіз.
- Ересектердің қарауынсыз және ата-ананың рұқсатынсыз өзен-көлге, су қоймаларына, орманға немесе басқа елді мекенге бармаңыз.
- Ауа райына сай киініп, денсаулығыңызды күтіңіз.
- Қараусыз жүрген иттер мен өзге де жануарларға жақындамаңыз.
- Үйде болған кезде өткір, кескіш, тескіш заттарды және электр құралдарын қолдануда абай болыңыз.
- Сіріңке, оттық және өртке себеп болуы мүмкін заттармен ойнамаңыз.
Қауіпсіздік ережелерін сақтау — өмір мен денсаулықты қорғаудың басты кепілі.
Ювеналды полиция бөлімшесі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!