Шын мәнінде, ана мен бала денсаулығы дәрігердің жіті бақылауында болуы маңызды рөл ойнайды.
Қазіргі уақытта аудан көлемінде туу көрсеткіші қалыпты. Өткен жылы Сырдария ауданында 724 сәби дүниеге келген, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Оның ішінде, 386 қамшы ұстар, 338 кесте тігер сырдариялық отбасылардың көз қуанышына айналған. Сонымен қатар аудандағы 3 отбасында 3 егіздің ата-анасы шаттыққа бөленді. Өз кезегінде егіздердің 2-еуі ұл, 4-еуі қыз екенін айта кетейік.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!