Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімінің қатысуымен жаңа жылдық шара өтті

25.12.2025, 22:06 17

Жаңа жыл – үлкенді-кішілі барша адамның асыға күтетін мерекесі. Бүгін Қазалы ауданында жыл сайын дәстүрге айналған ерекше балаларға қуаныш пен мерекелік көңіл-күй сыйлаған «Бар жақсылық балалар үшін» атты Жаңа жылдық шырша кеші өтті.

Көңілді мерекелік кеш балалардың ертегілер еліне саяхат жасауымен басталды. Кеште ертегі кейіпкерлері мен әр түрлі жануарды сомдаған өнерпаздар балалардың көңілін бір серпілтіп тастады.

Жаңа жылдық шараға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов арнайы барып, балалар мен олардың ата-аналарын мерекемен құттықтады.

-Бүгінгі шара – ерекше балапандарымыздың қуанышы үшін ұйымдастырылып отыр. Бұл – олардың қоғамнан тыс емес, қоғаммен бірге екенін көрсететін игі бастамалардың бірі. Ерекше күтімді қажет ететін балаларды өз жолын қалыптастыруда, келешек өмірге бейімдеу біздің басты міндетіміз. Жалпы Қазалы ауданында мемлекетіміздің қамқорлығындағы 500-ге жуық ерекше балалар бар. Жыл сайын аудан көлемінде өткізілетін барлық балаларға арналған іс-шараларға ерекше қажеттіліктері бар балалардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету тұрақты түрде жолға қойылған. Бұл – олардың әлеуметке толық бейімделуіне, өздерін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне мүмкіндік береді. Өмірімізге мән беріп, көңілімізге қуаныш сыйлаған Сіздерге қайсарлық пен батылдық, жарқын болашақ тілеймін! Әрдайым тәуелсіз еліміздің бейбіт аспанында бақытты өмір сүре беріңіздер, — деді аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы.

Керемет кеште қуаныштан бал-бұл жайнаған балалар өнерлерін ортаға салды. Ал кештің басты кейіпкерлері Аяз Ата мен Ақшақар балалардың әрқайсысына сыйлықтар таратты.

Айта кетейік, ерекше балаларға арналған жаңа жылдық кеште барлық балалаларға аудан әкімінің арнайы жаңа жылдық сыйлықтары табысталып, балалар үшін тегін батуттарда ұйымдастырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: