6 сәуір күні Ақтау қаласының 13-шағынауданында қайғылы жағдай болды. Кәмелетке толмаған қыз көпқабатты тұрғын үй аумағында мерт болды.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетіп, тиісті аумақты қоршауға алды. Куәгерлердің сөзінше, жерде жедел-тергеу тобы мен арнайы қызмет өкілдері жұмыс істеген.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті жасөспірімнің қаза тапқанын растады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталған.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер әзірге жария етілмеді.
Фото: Видеодан скрин|ЖИ өңдеген
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!