Күлімдейік, балақай!
HALYQLINE.KZ “Мектеп қабырғасында жүргенде…” деп басталатын талай қызықты әңгімені жіпке тізгендей етіп айтып шығуға болады. Өйткені, ол шақтың өзіндік қызығы мен шыжығы бар. “Қайта оралмас дәурен-ай” деп еске алатын сәттегі езу тартарлықтай бірнеше оқиғаны назарларыңызға ұсынамыз. Сізде де болса, бөлісіңіз…
Оқушы сабақ айтып болған соң:
– Мен бұл бағаға лайық емеспін, – дейді.
Ұстаз:
– Ренжімеңіз, бұдан төмен баға жоқ.
* * *
Ұстаз:
– Балалар, білесіңдер ме, суықта барлық заттың көлемі азаяды, жазда керісінше. Кім маған өмірден мысал келтіре алады?
Фариза қолын көтеріп:
– Мысалы, жазғы демалыс қысқы демалысқа қарағанда ұзақ, – деген екен.
* * *
– Бүгін сабақта жолым болды!
– Қалай?
– Ұстазым мені бұрышқа тұрғызып қойғысы келген еді. Барлық бұрыш бос емес екен.
* * *
Емтиханнан кейін:
– Тапсырдың ба?
– Тапсырған сияқтымын.
– Не сұрады?
– Өзім түсінбедім. Ағылшын тілінде сұрады ғой.
* * *
Мұғалім:
– Табиғаттың негізгі төрт элементін ата! – деді.
Оқушы:
– Жер, ауа, от…
– Енді біреуі қандай? Білмейсің бе? Тамақтың алдында қолыңды немен жуасың?
Оқушы:
– Таптым, сабынмен!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!