HALYQLINE.KZ Шынында да қаншама ғылыми болжамдар мен дәлелдер айтылғанына қарамастан, түс әлі күнге жұмбақ құбылыс болып келеді. Түске өте үлкен ман беретін халықтың бірі – қазақ.
Әйел түсінде жалаңаш жүрсе — аяғы ауырлайды
Қыз жалаңаш жүрсе — абыройсыздыққа, ұятқа ұшырайды
Егер саған тырдай жалаңаш адам қарап тұрса — сапарға шықпа, сәтсіз болады
Түсіңде жас әйел көрсең — сәтсіздік, отбасындағы ұрыс-керіс
Түсіңде қарт адам көрсең — жақсылық
Түлкі, сары тазы ит — ажал, ауру
Күнбатысқа жол шегу — жамандықтың белгісі
Аң терісінен істелген бас киім кию — аурудың белгісі
Ай құласа, су тартылса, төбе құласа, әйел адам шашын қырықса, ат
Ертоқымсыз жүрсе — жаман белгі, пышақ, қанжар, қамшы — ұл балаға жорылады
Түсіңде өзің ұшып жүрсең (сәмөлетпен емес) — қоныс аудару
Түйеге мыну — әбірой-атақ, бедел көтерілу
Столда отыру — жаңа қызмет шам жанған столда отыру — ғылыми қызмет.
Өлген адамдар кірсе, олармен бірге жүрсең — қорқыныш емес, жақсылық, зиратқа барсаң, тыпты ішіне түсіп жатсаң да — ол жақсылық, жолың болады.
Өлген адам бір нәрсе берсе — жақсылық
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!