Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шаш

14.09.2023, 9:40 512

HALYQLINE.KZ

Асылымның шашы о бастан сирек еді. Өзі құралпы қыздар секілді ол шашының ұзын және қалың болғанын қалайтын. Қанша маска, крем, сусабын пайдаланса да шашын өсіріп, қалыңдата алмады. Кейде осы үшін өз-өзіне налитын. Осылайша Асылым жасанды шаш жалғайтын сұлулық салондарына барып сөйлесіп көреді. Бірақ олардың бағалары тым жоғары еді. Студент қыз үшін ол тым жоғары бағада шаш жалғау қиынға соқты. Ақыры іздеп жүріп арзандау бағаға шаш жалғап беретін салон тауып алады.

Шашын 60 сантиметрге ұзартты және өзі армандағандай шаштары да қалыңдай түсті. Бірақ неге екені белгісіз сөз байласып жүрген жігіті Асылымнан бойын аулақ сала бастады. Болмашы нәрсеге келіспей екеуі екі жаққа кетті. Қыз сонда да алғашқы қадам жасап, жігітімен қайта кездесуді ұйғарды. Сонда да аралары бұрынғыдай болмады, соңы тағы да қоштасумен аяқталды. Асылымның өмірінің берекесі кете бестады. Өзі айнада сұлу болғанымен ісі алға баспай, табысының да берекеті болмады. Болмаған соң шаштаразға барып, жағдайын айтып еді ол шашын біраз уақытқа қайтадан алып, демала тұру керектігін айтты. Бір қызығы, содан кейін Асылымның жолы қайтадан ашыла бастады.

Арада біршама уақыт өткеннен кейін ол құрбыларымен теңізге барып демалып қайтуды жоспарлайды. Қыздар қауымының әдімілікке құштарлығы қайтсын ба, қайтадан баяғы шаштаразына барып, қолаң шаш жалғатып алады. Шаш жалғаған бойы еңсесін бір ауырлық басып, үстіне белгісіз бірдеңе жабысып алғандай жайсыз күйге түседі. Асылым бұл сезімін қасындағы құрбыларына білдірмей елге қайтқанша әрең шыдас береді. Тіпті жаман, қорқынышты түстер көре бастайды. Түсінде сыған әйелдері сияқты киінген әйелдер құлағының түбінен келіп айғай салып, бұны жанып жатқан отқа қарай итерген сияқты болады. Жылаған кішкентай сәбилердің де дауысы құлағынан кетпей қояды. Келген соң болған жағдайдың барлығын анасына баяндап береді. Анасы қызын ауыл молдасына апарады. Сонда молда:

– Асылымның жалғап жүрген шашы өмірі өте қиын болған, тағдырдан теперіш көрген әйелдікі болған. Тұрмыстың тапшылығына шыдамай, шашын қиып, шаштаразға сатқан. Соның басындағы қиындықтың барлығы шаш арқылы Асылымға қарай ойысып жатқандықтан, неше түрлі түс көріп, қорқынышты дыбыстар естіледі. Реті келсе, жасанды шашты жалғамай-ақ қойғаны жөн, – дейді.

Осыдан кейін Асылым жалғаған жасанды шаштан арылып, қайтадан қалыпты өміріне оралды.

К.КЕНЖЕ

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: