Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қонаевтың әкесі ұстаған кішкентай Құран кітапты мойныма тұмар ғып тағып жүрмін – Бақытжан Базарбек

23.02.2024, 23:00 344

HALYQLINE.KZ

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Adal Adam YouTube арнасына берген сұхбатына екінші әйелі Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы Сара Қонаеваның жиен немересі екенін айтты.

«Қонаевтың немересін, 2019 жылы әкем қайтыс болғаннан кейін, өмірді жалғастырайық деп алдым. Оған дейін достасып жүрдік, қазір екі балам бар. Маған толығымен күш-қуат беріп отыр. Аделия жолдасым, әрбір ісімде рухани дем береді, – деді депутат.

Бақытжан Базарбек Қонаевтар әулеті текті екенін айта келе, жарының анасы, яғни енесі өзіне бойтұмардай сақтап жүр деп Құран кітап аманаттағанын жеткізді.

«Мен мұның мәнін сұрадым. Маған айтқаны, Құран кітапты сонау ХХ ғасырдың басында Дінмұхамед Қонаевтың әкесі Меңліахмет ұстап жүрген. Одан кейін Димаш атамызға берген, ол оны туған қарындасы Сара Қонаеваға табыстаған. Сара Қонаева оны қызы Гүлнара берген. Ал Гүлнараның қызына мен үйлендім. Ол кісі маған аманаттады. «Сені қорғап жүрсін» деп мойныма тақты. Өте қымбат дүние. Сол Құранды алғаннан кейін, түсіме Дінмұхаммед Қонаев кірді. Маған «Бақытжан, бұл сенің ғана құндылығың емес, үрім-бұтағымыздың, туысқандардың құндылығы, сақтап жүр» деді Димаш атамыз. Сақтап жүрмін, мойныма тағып жүрмін. Қасиеттілігі бар», – деді Бақытжан Базарбек.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: