Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қасиетті ұршық

29.05.2021, 10:00 3333

HALYQLINE.KZ Қызай ана екі бірдей отағасынан, балалары асқар таудай әкелерінен айырылған. Жаулары жағасына жармасып, бір мезгіл өмір тауқыметін тартып, қиналып жүрген кезінде түс көріпті. Түсінде Домалақ ана аян беріп, маңдайынан сүйіп: «Неге жадап-жүдеп жүрсің қарғам, тіршілікте ғаріп басқа не келіп, не кетпейді, жаралу Жаратушыдан болғанымен жасау өзіңнен. Өзіңе-өзің мықты бол. Өзің де бекер жан емессің, үмітсізденбе. Балаларыңның тілеуін тіле, құйрық-жалың әлі-ақ жетіліп, ел қатарына қосылған бір рулы ел боласың. Есіңде болсын, сені ұзатқанда, қара абдыраңның жасырын қабатты түбінде басы асыл тастан, сабы күміс тастан жасалған ұршық салып қойғанмын. Соны қолыңнан тастаушы болма», – депті.

Дәл осы түсті көрген күнге дейін, Қызай ана абдыра түбіндегі қабатты астар бетке жасырылған сол ұршықты көрмеген екен. Орнынан тұра салып, абдыраны ашса, расында әлгі айтылған ұршық бар екен. Сол күннен бастап Қызай ана сол ұршықты қолынан тастамайтын болыпты. Тұрмыста жіп иіріп, шекпен тоқитын. Бірер жаман іске кез болғанда, ол ұршықты киелі қару ретінде істететін болыпты. Бақталастардың, жауларының еліне көзін сұғып қараған барымташы, ұры-қарылардың түсіне кіріп, түсінде Қызай ана ұршығының ұшымен көзін шұқыса болды, іс жүзінде олардың жолы болмай, өздері пәлеге ұшырап жүреді екен.

«Данышпан Қызай ана» кітабынан

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: