Әлем халқын алаңдатып, уысында ұстаған Тышқан жылы да аяқталды. Коронавирус инфекциясының салдарынан жаһандық деңгейдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси ахуал ушығып, халықтың денсаулығына зиян келтірді. «Биылғы жыл несімен есте қалды?» деген сауалға жауап та – осы. Ал 2021 жылы әлем халқын не күтіп тұр?
Жыл аяқталып, жаңа уақыт басталар тұста әлемде саяси ахуал өршіп, сауда саласындағы дабыра көбейетін. Бұл жолғы өзгеріс бұларды ысырып тастай ма деп ойлап едік, жоқ, соған қабаттасып дерттің шырмауына түстік. Кейбір экстрасенстердің айтуынша, 2021 жылы да жайлы болуы неғайбыл. «Жақсы сөз – жарым ырыс» дегенімізбен, экстрасенстердің айтуы оған көнбей тұрғанға ұқсайды.
Нострадамус: табиғи апат болуы мүмкін
Нострадамус 2021 жылы «теңізде үлкен шайқас болып, қызыл өрттен жануарлар көп зардап шегеді» деп ескертті. Мұны мамандар болашақтағы табиғи апаттармен сәйкес келуі мүмкін деп болжайды. Цунами, жанартаудың атқылаулары және теңіз бетіндегі өрт болуы ықтималдылығы да жоғары.
Нострадамус сонымен қатар жаңа сауда-саттық мүмкіндіктерінің ашылуы туралы айтады. Қолөнершілердің өніміне сұраныс артатынын болжады. Жақсылық пен жанашырлық қарым-қатынаста басты орын алады. Агрессия мен қақтығыстарды басу керек. Адамдар бірін-бірі тыңдап, келіссөздер жүргізуге мәжбүр болады. Тұрғылықты жерді ешқандай себепсіз ауыстыруға кеңес берілмейді.
Ванга: бетбұрыс кезеңі болуы мүмкін
Белгілі болгар көріпкелі Ванга 2021 жылдың бетбұрыс кезеңі болуы мүмкін екенін айтыпты-мыс. Табиғи апаттар, дағдарыстар және кейбір елдердегі проблемалар халықты қажытуы мүмкін. Жағалаудағы қалалар үлкен толқын астында қалады, адамдар қорқынышпен өмір сүреді. Сейсмикалық және жанартау белсенділігі күшейеді деп болжауда.
Рзаев: Қан мен қақтығыс жылы
Ал «Экстрасенстер шайқасының» финалисі Зираддин Рзаев келесі жыл 2020 жылдан гөрі қиын болады деп санайды. Эзотерик те оң болжам жасамай отыр. Ресей федералды жаңалықтар агенттігінің тілшісімен әңгімесінде ол адамзат баласын көптеген қиыншылықтар күтіп тұрғанын қысқаша атап өтті. 2021 жыл, экстрасенстің айтуынша, соғыс пен қақтығыс жылы болады.
– Бұл туралы әлі көп айта алмаймын. Сізге қысқаша баяндайын. Бұл – соғыс жылы. 2021 жыл да нашар болады. Барлығы 2020 жылдан қорықты, өйткені бұл қиын болды, бірақ 2021 жыл одан да жаман болады. Қан мен қақтығыстар көп болады, – деді көріпкел.
Зираддин Рзаев өзінің күңгірт болжамын түсіндірген жоқ. Айта кету керек, оның сөздері жиі орындалады. Ол – 2011 жылы Исландияда жанартаудың атқылауын, Меккедегі трагедияда құрылыс кранының құлауы кезінде жүзден астам қажының қаза болатынын болжаған экстрасеанс.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!