Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тыйым артында қыз-келіншектерге деген құрмет бар емес пе?

21.03.2021, 16:00 993

HALYQLINE.KZ  Қазақ көп нәрсеге тыйым салады.

Мысалы: «Түнде асты ашық қалдырма, бетін жаппасаң , шайтан өлген адамның өкпесін салып кетеді» дейтін. Бұны тазалық деп емес деп кім айта алады?

Тырнақ пен шашты алғаннан кейін, жерге көміп, бәкіні жеті рет жерге сұққызып алатын.

Әйелі күйеуіне: «Қайда барасың» деп сұрамайды. Жолы болмайды деп есептеген. Себебі алдын ала ешнәрсені
қазақ болжамаған.

Балаларға бір-біріне су шашпаңдар дейді. Оның себебі «Судай суып
кетесіңдер, араларыңда туыстық қатынас жойылады» дейді.
Шын мәнінде, байқаусыз тұрып су шашқанда шошуы мүмкін. Су шашу жамандық шақырады. Мысалы өрт болғанда су шашады.

Жаман болады деп қыз баланы босағаға жақын отырғызбаған. Оның себебі: «Қызға қабақ шытпа, ол уақытша жүрген қонағың» деп қараған.

«Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да, бір түн тұрып, емізген ана сүтін ақтай алмайсың» дейді. Бұл – ана мен қызға көрсеткен құрмет. Қыз баланы ерекше құрметтеуі – оның ертең қандай отбасына тап болады деп, болашағына аландауы.

Бұл тиымда да әйелге деген құрмет жатқан жоқ па?

Райхан Матай

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: