Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шиеліде алтын құрсақты 2392 ана бар

24.01.2025, 15:05 56

HALYQLINE.KZ

Кеше Шиелі ауданы әкімі Айтбай Жандарбеков көпбалалы аналарды қабылдап, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін табыс етті, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес аудан бойынша 22 ана осы марапатқа ие болды. Оның төртеуі – «Алтын алқа», он сегізі – «Күміс алқа». Осылайша көпбалалы аналарды салтанатты түрде құттықтаған аудан басшысы оларға ізгі ілтипатын білдіріп, ақжарма тілегін арнады.

Жиын барысында «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы жылы лебізін білдіріп, еліміздегі ана мен бала жағдайын одан әрі жақсарту және демографиялық ахуалды көтеру жайлы сөз қозғады.

Өз кезегінде алтын құрсақты аналар да сөз алып, мемлекеттің жасап жатқан қамқорлығына зор алғысын білдіріп, жергілікті басшылықтың жұмыстарына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Шиелі ауданы бойынша, 2392 көпбалалы ана бар. Оның ішінде «Алтын алқа» иегерлері 990 болса, «Күміс алқа» таққандардың саны – 1402.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: