Ақтау қаласының қыз-келіншектері бір күн автобуспен тегін жүретін болды. Яғни, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай қыз-келіншектер, аналар, әжелер қалалық қоғамдық көліктерде жолақысын төлемейді.
Ақтау қаласы әкімдігі баспасөз қызметі қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәлімдемесіне сүйеніп, №1, 2, 3, 4, 4М, 5, 6, 7, 8, 9 маршрут автобустары қыз-келіншектерге тегін қызмет көрсететінін хабарлады.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!