HALYQLINE.KZ Түсінген адамға қазақтың «қыз баққаннан қысырақ баққан оңай» дейтін мәтелі көп нәрсені аңғартады. Иә, бір отбасының ғана емес, бүкіл бір әулеттің, рудың, қала берді, бүкіл ұлттың ауыр жүгін арқалаған қыз баланың тағдыры – әркімнің де назарынан тыс қалмауы тиіс ең маңызды мәселелердің бірі.
Осыны білген бабаларымыз ымырт жабылысымен балаларын үйден шығармайтын болған. Мұндағы негізгі себеп – кешқұрым жер бетіне жын-шайтандардың таралып, түрлі азғындықтар мен күнәлардың көбейетіндігінде. Бұл туралы Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Балаларыңды түн басталарда (күн батар шақта) өздеріңе жақын ұстаңдар, өйткені, расында осы уақытта жер бетіне шайтандар таралады», – дейді (Бұхари, Муслим).
Ал ХIX ғасырда өмір сүрген Шортанбай ақын:
Қызың киді биқасап,
Тергеп кимей байқастап.
Кешкітұрым болғанда,
Құлан менен бұландай,
Үйде отырмас ойқастап, – деп жырлап, қыз баланың түн қатып көше кезіп жүруін әдепсіздік санаған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!