Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай!..»

04.03.2022, 11:33 743

HALYQLINE.KZ Ақын, педагог Сәнімкүл Желдербаеваның 90 жас мерейтойына және 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай!..» атты облыстық келіндер форумы өтті. Шараны «Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы, «Рухани жаңғыру» орталығы» және облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиямен бірлесіп өткізуде.

Шара Сыр өңірінен шыққан танымал қыз-келіншектердің ғұмырнамасын насихаттайтын баспа материалдарынан, түрлі ұлттық тағамдар, ұлттық ыдыстар, салт-дәстүр кітаптары, қолөнер бұйымдары және тағы да басқа бұйымдар қойылған көрме таныстырылымымен бастау алды.

Форумның мақсаты жас ана, асыл жар, қазақ келіндерін ұлттық рухта тәрбиелеу, ана тілін, ұлттық мәдениетін құрметтеу, жас отау тәрбиесін ұғындыру, қазақ әйелдерінің қоғамдағы рөлін арттыру, қазақы қалыптарды сақтай отырып, заман талабына сай жан-жақты дамыған тұлға етіп, болмысын қалыптастыруға негізделді.

Келелі басқосуға биыл 100 жылдық мерейтойы өткізіліп жатқан Роза Бағланова анамыздың келіні Марал Бағланова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Ысқақова, Сыр өңірінің келіні, ҚР Мәдениет қайраткері Жазира Байырбекова сынды танымал тұлғалар қатысты.

Сонымен қатар, Сыр өңіріне қазақ елінің мақтаныштарын сыйлаған асыл аналарымыз, мемлекеттік қызметте жұмыс істеп, бала тәрбиесін де назардан қалдырмайтын көпбалалы аналарымыз, қоғамдағы отбасы институтын орнатуда еңбек сіңірген, ене тәрбиесін көрген көрегенді келіндеріміз, ата-ана тәрбиесін бойына жиған ибалы қыздарымыз, ақ жаулықты аналарымыздан бата алғалы келген жас қыз-келіншектер қатысып отыр. Аймағымыздағы көпбалалы ең жас аналар, түрлі салада қызмет етіп жүрген келін-аналар, ардагер аналар, «Мерейлі отбасы» ұлттық жобасының жеңімпаз отбасылары, аудандардан арнайылап келген қазақтың ана-келіндері қатысты.

Шара барысында форумға шақырылған қонақтар сөз сөйлеп, жас келіндерге арналған үндеу жарияланды. Сонымен бірге, Сыр өңірінің мақтанышына айналған жандарды дүниеге әкелген қадірлі аналарға «Абзал ана» естелік белгісі табысталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: