Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мерекелік сый-құрмет

16.05.2024, 9:10 348

HALYQLINE.KZ

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай, кеше қалалық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Айдын Қайруллаев «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлерімен кездесіп, мерекемен құттықтады.

Жиында ардақты аналарға, қыз-келіншектерге қала әкімінің құттықтау хаттары табысталып, гүл шоқтары мен мерекелік сый тарту етілді.

– Бейбіт тірлік пен берекелі бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің ұйытқысы болып отырған барша қыз-келіншектерге, апа-қарындастарымызға, аяулы аналарымызға шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Сіздер отбасының түтінін түзу ұшырып қана қоймай, ел болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеуде шексіз еңбек сіңіріп келесіздер. Бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін, – деді Айдын Бөкенбайұлы.

Айта кету керек, бүгінде қаламызда жалпы халық саны 358 235 болса, оның ішінде 182 473-і – әйелдер, ал көпбалалы отбасылар 14907 құрайды. 2017 жылдан бері 382 ана «Алтын алқа», 1491 ана «Күміс алқа» иегері атанды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: