Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекет басшысы әйелдер қауымын мерекесімен құттықтап, марапаттады

06.03.2026, 16:45 92

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысып, елдегі әйелдер қауымын мерекемен құттықтады. Президент өз сөзінде қоғамдағы ананың орны мен әйелдердің мемлекет дамуындағы рөліне ерекше тоқталды.

Мемлекет басшысы қазақ халқы ежелден ананы ардақтап, қыз баланы ерекше құрметтегенін атап өтті.

«Халқымыз қай заманда да анасын ардақтаған, қарындасына қорған болған, қыздарын сыйлап, төрінен орын берген. Жұртымыз ең киелі құндылықтарға “Ана” сөзін қосып, “Отан Ана”, “Жер Ана”, “Ана тілі” деп көне заманнан бері айтып келеді. Бабаларымыз “Атадан – өсиет, анадан – қасиет” деген. Осы мағынасы терең дәстүр қазіргі құбылмалы, күрделі заманда міндетті түрде өз жалғасын табуы керек», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев тарихта елдің бірлігі мен рухын асқақтатқан көптеген қайсар әйелдердің болғанын атап өтті.

«Қыздың қырық жаны бар» деп халқымыз бекер айтпаған. Рухы мықты қайсар қыздарымыз ұлт жылнамасында өшпес із қалдырған. Тұмар ханым, Айша бибі, Домалақ ана, Сүйінбике, Айғаным ханша мен Зере ананың есімдері ел жадында мәңгі қалады», – деді Мемлекет басшысы.

Президент өз сөзінде әйелдердің қоғамдағы орны ерекше екенін айтып, оларды ұлттың рухани тірегі ретінде бағалады.

«Әйел – ұлттың жан-дүниесі десек, артық айтқандық емес. Олар – шабыттың қайнар бұлағы, шығармашылық музасы, әдемілік эталоны. Әлемдегі сұлулықтың бәрі әйел бейнесімен астасады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысы қазіргі кезеңде Қазақстан ауқымды жаңғыру жолына түскенін айтып, жаңа Конституция жобасының ел болашағы үшін маңызды құжат екенін атап өтті.

«Республикалық референдумға шығарылған халық Конституциясының жобасы мемлекетіміздің болашағын, даму бағдарын айқындайтын тарихи құжат деп айтуға толық негіз бар. Әлемдегі ахуал ушығып тұрған уақытта жаңа Конституция Тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайтады, еліміздегі барлық қоғамдық-саяси институттардың қызметіне жаңа серпін береді», – деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы еліміздің түрлі салаларында қызмет етіп жүрген әйелдердің еңбегіне тоқталды. Оның айтуынша, жауапты әрі қауіпті қызметтерде де әйелдер белсенді еңбек етуде.

«Қиындығы мен сын-қатері қатар жүретін аса жауапты қызметтерде жұмыс істейтін нәзік жандылар аз емес. Олар Отан алдындағы парызына адал болып, елімізде Заң мен тәртіптің орнығуына атсалысып жатыр. Әділ сот төрелігін жүзеге асырып жүрген судьялардың жартысынан көбі – әйелдер. Сондай-ақ Төтенше жағдайлар, Прокуратура, Ішкі істер, Қорғаныс және арнаулы қызмет саласында 45 мыңнан астам әйел еңбек етуде», – деді Президент.

Мемлекет басшысы ана мен баланы қорғау мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті.«Мемлекет басшысы ретінде мен ана мен баланы қолдауға айрықша мән беремін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент отбасы институтын нығайту Конституция деңгейінде де бекітілетінін айтты.

«Неке – ер мен әйелдің мемлекеттік заңға сәйкес тіркеген ерікті және тең құқықты одағы» деген норма алғаш рет бекітіліп отыр. Мұндай заң ережесі балалардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ әйелдер мен аналардың отбасындағы рөлін нығайтуға мүмкіндік береді», – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бір топ қыз-келіншек наградталды:

I дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен

Ыдырысова Шакира Нұржұманқызы – «Ыдырысова Ш.» ШҚ басшысы, Жетісу облысы;

IІІ дәрежелі «Барыс» орденімен

Еспаева Дания Мәдиқызы – Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары;

Бауыржан Момышұлы атындағы ІI дәрежелі «Айбын» орденімен

Өмірзақова Аягүл Оңталапқызы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі

Райымқұлова Әйгерім Маралқызы – Төтенше жағдайлар министрлігінің басқарма бастығы;

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілсін

Перепечина Ольга Валентиновна – Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары

Имашева Снежанна Валерьевна – Парламент Мәжілісінің депутаты

Аманбай Ғазиза Абдықалыққызы – «І. Есенберлин атындағы № 25 гимназия» КММ директоры, Алматы қаласы

Бабашева Мәнсия Нұрғалиқызы – «Timal Consulting Group» ЖШС директорының орынбасары, Атырау облысы

Исаева Маржан Таупыққызы – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі ансамблінің солисі

Қанатқызы Риза – «Астана Балет» театры» ЖШС балетінің бірінші солисі, Астана қаласы

Жұмағалиева Гүлсәнім Орынғалиқызы – Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштері «Айбын» президенттік полкі Президенттік оркестрінің маманы

Өмірзақова Гаухар Алтынбекқызы – «AlmaTime» тобының солисі, Алматы қаласы 

Смышляева Екатерина Васильевна – Парламент Мәжілісінің депутаты

Өскембаева Жұлдыз Серікқызы – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласы полиция департаменті ансамблінің солисі;

«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы берілсін

Белоусова Татьяна Геннадьевна – «№ 95 мектеп-лицей» КММ химия пәнінің мұғалімі, Алматы қаласы 

Смирнова Ирина Владимировна – Парламент Мәжілісінің депутаты;

«Парасат» орденімен

Абдуллина Карина Абрековна – әнші, Алматы қаласы

Әлпейісова Қамал Әбілқасымқызы – жазушы, Астана қаласы

Шумекова Кристина Русланқызы – Туризм және спорт министрлігінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК спортшысы

Батыршева Рухия Махмұтқызы – «Абыл Тарақұлы атындағы балалар өнер мектебі» МКҚК мүғалімі, Ақтау қаласы

Ысқақова Жеңіс Ермағанбетқызы – эстрада әншісі, Алматы қаласы

Смағұлова Зәуреш Қадырбекқызы – «Астана медицина университеті» КеАҚ Респираторлық медицина ғылыми-зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері;

«Ел бірлігі» орденімен

Усанова Руфина Касымовна – «Тугантель» облыстық татар мәдени орталығының төрағасы, Алматы облысы;

«Құрмет» орденімен

Әлиайдар Гүлжан Әлиайдарқызы – «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК бөлімше меңгерушісі

Арғынбекова Айнұр Серікпайқызы – Парламент Сенатының депутаты

Ахметжанова Зәйтуна Ғалиқызы – «Қазпошта» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының Шалқар аудандық пошта байланысы торабы жеткізу қызметінің сұрыптаушысы, Ақтөбе облысы

Қалиева Айсұлу Қажымұратқызы – Мемлекеттік күзет қызметінің бас инспекторы

Васильева Надежда Владимировна – Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Казталов ауданының 2-ауруханасы» МКК директоры

Дүзбаева Зоя Жұмағалиқызы – «Алтай ауданы «Горняк» мәдени-демалыс орталығы» КМҚК «Зыряночка» үлгілі би ансамблінің жетекшісі, Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласы

Жүсіпбекова Гүлмира Қоқанқызы – Жоғарғы Соттың судьясы

Зейнелова Мария Александровна – еңбек ардагері, Астана қаласы

Казакова Светлана Михайловна – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» РМК слесарі

Кармен Зарина Мұхтарқызы – «Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры» РМҚК әртісі, Алматы қаласы

Қасымова Салтанат Амангелдіқызы – Мемлекеттік күзет қызметі департамент бастығының орынбасары

Левкович Жанна Юрьевна – «А. Текенов атындағы № 2 орта білім беретін мектеп» КММ қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі, Павлодар облысының Тереңкөл ауданы

Намазбаева Инара Әбдіғаппарқызы – «Қуаныш» ЖШС директоры, Түркістан қаласы

Көшенова Шолпан Рудақызы – Бас прокуратура департамент бастығының орынбасары

Смағұлова Райхан Темірбайқызы – «Ақерке» балабақшасы» КМҚК директоры, Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданы

Соловьёва Ирина Анатольевна – «Семей қаласындағы Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейі» КМҚК директоры, Абай облысы

 Төребаева Гүлсімжан Орынбасарқызы – «Астана медицина университеті» КеАҚ бас маманы

 Тұяқова Сәлима Тоқтасынқызы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ қызмет жетекшісі

Чалова Лэйла Рашидовна  – «Health and Science Center» жеке клиникасының бас дәрігері, Астана қаласы

Шуақбаева Айсұлу Қошмаққызы – «Өзенмұнайгаз» АҚ № 4 мұнай және газ өндіру басқармасының машинисі, Маңғыстау облысы

Шолтанова Зәрипа Есенбайқызы – «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» МКҚК басшысы, Маңғыстау облысы;

III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен

Алтаева Гүлдариха Өтелбайқызы – «Алтай жер» ШҚ механикаландырылған тоқ меңгерушісі, Қостанай облысының Арқалық қаласы

Бескемпірова Айбарша Жолдасқызы – «Үштөбе-Айдын» ЖШС құрылтайшысы, Жетісу облысының Қаратал ауданы

Ісбасарова Қаншыкүл Тілеубайқызы – «№ 7 үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ әлеуметтік қызметкері, Шымкент қаласы

Мұхамеджанова Зәуре Есләмқызы – «ЗИКСТО» ЖШС сылақшысы, Петропавл қаласы

Сабырова Тамара Мағзомқызы – «Ембімұнайгаз» АҚ мұнай және газ өндіру жөніндегі операторы, Атырау облысының Исатай ауданы;

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен

Липатова Оксана Владимировна – Ішкі істер министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің аға тергеушісі

Айтмырзаева Роза Сатыбалдықызы – Қорғаныс министрлігі 32363 әскери бөлімінің бөлімше командирі

Сағадат Жаңылсын Дәуренқызы – Ішкі істер министрлігі Павлодар облысы Полиция департаментінің аға тергеушісі;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен 

Сузуки Канон – «Астана Балет» театры» ЖШС балет әртісі – бірінші балет солисі

Исмағамбетова Қарлығаш Ермекқызы – «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК қызмет басшысы, Көкшетау қаласы

Аппазова Зарина Жеңісқызы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы орталық әскери оркестрінің аға музыканты

Жидебаева Сәуле Әуезқызы – еңбек ардагері, Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы

Қарамурзина Маржан Жолаубайқызы – Астана қаласы әкімдігінің «Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» КММ мұғалімі

Корчагина Наталья Викторовна – Президент Іс басқармасының «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы» РМК инженері

Нарбекова Бану Мұқатайқызы – Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ басқарма мүшесі – проректоры

Төлеш Ботагөз Шоқанқызы – суретші, Астана қаласы

Тұңғышбаева Айнұр Нұрланқызы – «Қазақстан» РТРК» АҚ «Qyzylorda TV» Қызылорда филиалының бас редакторы, Қызылорда қаласы

Шилихина Татьяна Владимировна – «Батыс Қазақстан өңірлік электр желілік компаниясы» ЖШС Жәнібек АЭТ диспетчері, Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданы

Шолпанқұлова Мейранкүл Әубәкірқызы – «Боралдай Нан» ЖШС технологі, Алматы облысының Іле ауданы

Шопатаева Ақерке Бекғалиқызы – «Қазавиақұтқару» АҚ Ми-8 үлгісіндегі әуе кемесінің екінші ұшқышы;

«Шапағат» медалімен

Сурина Мария Алексеевна – «Ораз Жандосов атындағы № 105 гимназия» КММ қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, Алматы қаласы

Кадын Аида Витальевна – Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ студенті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: