Бүгін Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков көпбалалы аналарды қабылдап, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін табыстады, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Киелі Шиелі жерінен 18 ардақты ана мемлекеттік марапатқа ие болды. Оның ішінде 7 ана – «Алтын алқа», 11 ана «Күміс алқа» иегері атанды. Аудан басшысы аналарды айтулы марапаттарымен құттықтап, өнегелі өмірі мен ұрпақ тәрбиесіндегі рөлін ерекше атап өтіп, аналық парызын елге үлгі етіп келе жатқан аналарға ақжарма тілегін арнап, зор денсаулық, отбасылық амандық тіледі.
Аудан бойынша бүгінде 1022 «Алтын алқа» және 1486 «Күміс алқа» иелері бар.
Салтанатты жиын барысында марапат иелері де сөз алып, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қамқорлыққа алғыстарын білдіріп, ел игілігі жолында еңбек етіп жүрген аудан басшылығына сәттілік тіледі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!