HALYQLINE.KZ Облыс орталығы Қызылорда қаласында өткен «Бұрымды ару – 2023» облыстық телевизиялық байқауына қатысқан қазалылық Анель Темірхан бас жүлдені жеңіп алды. 4 кезең бойынша ұйымдастырылған байқау нәтижесінде қазалылық ару көш бастап, аудан абыройын асқақтатты.
Айта кетейік, қазақ қызына тән игі қасиеттер дәріптелетін дәстүрлі байқауға облыс аумағынан 12 талапкер қатысқан болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!