Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аралдық бір топ ана алқа тағынды

27.01.2025, 17:25 110

HALYQLINE.KZ

Бүгін Арал қаласының әкімі Ұзақов Батыржан Жансерікұлы Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №739 Жарлығына сәйкес, қаламыздағы бірқатар көпбалалы ананы қабылдап, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» наградаларын табыстады. Бұл туралы «Арал қаласы әкімінің аппараты» КММ әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жариялады.

Қала әкімі өз сөзінде:

– Қазақ халқы әрқашан отбасылық құндылықтарды жоғары қойған. Әсіресе, алтын құрсақты аналарды халқымыз ерекше қадірлейді. Отбасының алтын діңгегі болып, тағылымды тәрбие, ізгі дәстүрлер сабақтастығын жалғап жүрсіздер. Сіздерге еңбектеріңізге үлкен табыс пен сәттілік, қажымас қайрат, зор денсаулық, отбасыларыңызға береке-бірлік пен бақыт тілеймін. Шаңырақтарыңызға әрдайым қуаныш шуағы мейірімін төгіп тұрсын!», – деп батыр аналарды мәртебелі дәрежелерімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Марапаттауда 6 ана – «Алтын алқа», 10 ана «Күміс алқа» иегері атанды.

Іс-шара соңында марапат иегерлері өз алғысын білдіріп, естелік суретке түсті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: