Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аналар қауымына құрмет

26.12.2023, 9:50 345

HALYQLINE.KZ

Қазалы аудандық Р.Бағланова атындағы мәдениет орталығында «Әйел – ана, әйел – батыр, әйел – жар» атты әйелдер кеңесінің қорытынды іс-шарасы өтіп, ақжаулықты аналарға құрмет көрсетілді.

Кеш Жәдігер Тұрсынов атындағы халық театрының қойылымымен басталды.

Жиынды аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ашып, жиналған көпшілікті Қызылорда облысының 85 жылдығы және Қазалы ауданының 95 жылдық мерейтойымен құттықтады.

– Ананың жарқын жанары тасжүрек тіршілікті еркелете аймалағанда адамзат біткен еріксіз елжірейтіні анық. Өйткені, әйел-ана өмір дауылын жеңетін күшке ие. Бәлкім, бізді, қоршаған ортаны таңертеңгі тымықта күннің көзі ғана осылай құшақтай алатын шығар. Отбасының берекесі, тілеуқор қолдаушысы, ұйытқысы болған әйел-аналарға қандай құрмет көрсетсек те артық болмайды. Сіздер ер-азаматтармен бірге иық тіресіп, қоғамның бел ортасында еңбек етіп келесіздер. Өскелең ұрпақ пен елдің келешегіне алаңдайтын сіздерге шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді аудан басшысы.

Мұнан соң Мұхтар Әуесұлы ел ішінде еңбегімен құрметке бөленген ақ жаулықты аналарға аудан әкімінің «Құттықтауы» мен сый-сияпаттарын табыстады. Сонымен қатар бірқатар ана «Еңбегімен елге сыйлы» номинациясымен, аудан әкімінің және облыстық әйелдер кеңесі төрайымының «Алғыс хатымен» марапатталды.

Іс-шарада «Қызылорда облысы бойынша әйелдер күштері Альянсы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Рахима Қаржаубайқызы сөз алып, өзінің ыстық ықыласын жеткізді. Сондай-ақ отбасының құндылығы мен қоғамдағы рөлі туралы баяндап өтті.

Кеште аудан өнерпаздары аналардың құрметіне ән салып, ерекше көңіл күйге бөледі. Жоғары деңгейде өткен іс-шараға ризашылықтарын білдірген көпшілік алғыстарын жеткізді.

Жұмабек  АЙДАРБЕКҰЛЫ,

Қазалы  ауданы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: