Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ана – өмір! Ана – ұстаз!

07.03.2025, 10:15 297

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, білім саласына елеулі үлес қосып жүрген аяулы жандарға құрмет көрсетілді. Басқарма басшысы Асқарбек Есжанов өңірдің ардагер-ұстаздары мен білім саласында еңбек етіп жүрген педагогтарды арнайы құттықтап, марапаттар табыстады.

Іс-шара барысында ұстаздардың еңбегі ерекше аталып өтіп, олардың ұрпақ тәрбиесіндегі, білім беру жүйесін дамытудағы рөлі жоғары бағаланды. Аймақтың бас ұстазы өз сөзінде әйел-ұстаздардың білім мен тәрбие берудегі қажырлы еңбегін атап өтіп, алдағы уақытта да олардың жемісті жұмысына сәттілік тіледі.

Мерекелік жиын жылы лебіздерге, көтеріңкі көңіл-күйге және алғысқа толы болды. Ұстаздар қауымы осындай құрметке ие болғандарына ризашылық білдіріп, өз кезегінде жас ұрпақты тәрбиелеу жолында аянбай еңбек ететіндерін жеткізді.

Барша нәзік жандыларды осы айтулы мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларына амандық, шығармашылық табыс және бақыт тілейміз! Сіздердің мейірімдеріңіз бен біліктіліктеріңіз – қоғамның дамуының кепілі!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: