Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әжем – асыл қазынам

21.01.2026, 10:45 53

HALYQLINE.KZ

Әже – отбасының мейірім мен жылулыққа толы жүрегі. Ол – өмірдің талай сынағынан өткен, әр сөзі мен ісінде даналық жатқан асыл жан. Әжемнің көзқарасынан-ақ мейірім мен қамқорлық сезіледі. Таңертең ерте тұрып, дастарқан жайып, бізге тәтті бауырсақ пісірген сәттері әлі есімде.

Әже тек тамақ дайындап, үй шаруасымен ғана шектелмейді. Ол – бізге өмірдің мәнін, үлкенді сыйлауды, кішіні құрметтеуді үйрететін ұстаз. Әжемнің өткен өмірінен айтқан әңгімелері – мен үшін баға жетпес қазына. Оның әрбір сөзі мен ісі – бізге сабырлылық пен төзімділіктің үлгісі.

Мен үшін әже – мейірімнің символы. Осы орайда №85 орта мектепте «Айналайын» әжелер мектебінің жетекшісі Дина Жунусованың ұйымдастыруымен «Әжем – асыл қазынам» айдарымен еркін форматта әжелермен сұхбат өткізілді. Мақсаты – жас ұрпақты ата-баба дәстүрімен тәрбиелеу, әже тәрбиесін үлгі етіп, олардың айтқаны асыл екенін әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану, сондай-ақ баланы кішпейілдікке, үлкенді құрметтеуге үйретіп, тәрбиелік мәні бар салт-дәстүрлерді бойына сіңіру.

Дина Малкаждарқызы ұйымдастырған әжелер сұхбаты өте жоғары деңгейде өткізілді. Төретам кенті ақсақалдар кеңесінің төрайымы, мектептің әжелер мектебінің мүшелері қатысып, іс-шараның көрікті өтуіне себепші болды. Іс-шара барысында әжелер ансамблі ән шырқап, көрерменге керемет көңіл күй сыйлай білді. Әжелерімізді мейлінше қадірлеп, оның жылы құшағы мен ақ батасын алу әрдайым жолымызды ашып, өмірімізге жарық сыйлайды. Сөз соңында әжелерімізді мақтан тұтып, әрдайым қадірлейік дегім келеді.

Лаззат  Кабарова,

№85  мектептің  педагог-тәлімгері.

Төретам  кенті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: