Облыстық Жастар орталығы ғимаратында «Жастар» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен ашық есік күні өтті. Шараға «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Әлназарова қатысып, атқарылып жатқан жұмыстармен толығырақ танысты.
Сонымен қатар, ашық есік күнінде «Жастар» БПҰ төрағасы Б.Мастековтың, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ҚФ мамандарының, жастар денсаулық орталығы, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері азаматтарды жеке қабылдап, қажетті кеңестер берді. Қабылдауды қалалық мәслихат депутаты Ли Илларион Гукхенович бастады. Сауалдардың басым бөлігі мемлекеттік бағдарламалар арқылы тұрғын үй алу тәртібіне, басқа да құқықтық мәселелерге қатысты болды. Азаматтардың барлығы заң нормаларына сәйкес жауап алды.
Маңызды шарада жастармен кездесу ұйымдастырылып, еркін пікір алмасу жүрді. Жиында А.Шәріпбайқызы партияны жаңарту және оның тиімділігін күшейту ісінде жастардың үлесі басым екендігін алға тартты және қатысушылардың әрбір сұрағына тұшымды жауап берді. Мәселен, қаладағы «Өркениет» колледжінің жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі Серік Әбіл сан-саладағы еріктілердің жұмысын одан әрі жетілдіру үшін республикадан тәжірибелері тренерлерді тарта отырып, оқытуларды ұйымдастыру ісін қолға алуды ұсынды. Басқосуда әрбір пікір ескеріліп, ұтымды ұсыныстардың ескерусіз қалмайтыны айтылды.
Шара қорытындысында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары А.Әлназарова партия қатарына салтанатты түрде белсенді жастарды қабылдап, арнайы партиялық билеттерді табыстады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!