Халықаралық жастар күніне орай Қызылорда қаласында «Мүмкіндіктер алаңы» атты ауқымды шара ұйымдастырылды.
Шара барысында Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Р.Каюпов алғы сөз сөйлеп, жастарды адал еңбек етуге, табысты болуға шақырды.
Еңбек мобильділігі орталығы директорының орынбасары Ақерке Ахметова да жастарды еңбекке баулудың маңыздылығын атап өтті.
Мансап орталығымен бірлескен жәрмеңке аясында:
✅ 14 жергілікті мекемеден – 116 бос жұмыс орны
✅ Өзге өңірлерден – 1000-нан астам вакансия ұсынылды
✅95 жас- түрлі сала мамандарынан кеңес алды
✅ 30 жас – жастар тәжірибесіне
✅ 24 тұрғын – тұрақты жұмысқа жолдама алды
Сонымен қатар, шара аясында ұйымдастырылған көрмеде 10 мекеме өз өнімдерін ұсынды. Келушілер түрлі бағыттағы тауарлармен танысып қана қоймай, сатып алу мүмкіндігіне де ие болды. Бұл – жергілікті кәсіп иелерінің еңбегін насихаттап, отандық өнімге қолдау көрсетуге бағытталған игі бастама болды.
Сонымен қатар, қатысушылар үшін спорттық жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапаттар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.
Бұл шара – жастардың еңбек нарығындағы белсенділігін арттырып, өз мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға жол ашты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!