Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жастар күні қарсаңында белсенді жастар марапатталды

12.08.2024, 18:19 99

«Bir Tolqynda» диалог алаңында «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, «Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының жетекшісі Шәкизат Қаратайұлы, «Жастар Рухы» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Әсетхан Қазиханұлы жастармен кездесті.

Мерекелік іс-шараға «Жастар Рухы» Жастар қанаты белсенділері, Қызылорда облысы бойынша аудан және ауылдық округтерде белсенділік танытып жүрген жастар, жастар орталықтарының қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, журналистика салаларының мамандары қатысты.

Диалог алаңында спикерлер жастарға тұлғалық даму жолында ақыл-кеңестерімен бөлісті.

Кеш соңында Алмасбек Әбілқасымұлы жастарды мерекемен құттықтап, алғыс хаттар табыстады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: