Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңақорғандық студенттер “Қазатомөнеркәсіп” өндірісінде тәжірибеден өтті

08.10.2025, 12:27 150

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі 3-курс студенттері кәсіби тәжірибелерін жетілдіру мақсатында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ-ның еншілес кәсіпорны – «CKЗ-U» ЖШС өндірістік базасында болып, атқарылып жатқан жұмыстармен жан-жақты танысты.

Іс-шараға колледж директорының оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Тұрсынхожаев Даулетхан Мадиярханұлы жетекшілік етіп, кәсіпорын қызметкерлері студенттерімізге өндіріс барысын түсіндіріп қана қоймай, еңбек саласының маңыздылығын атап өтіп, мамандықтың мәртебесін көтеретін тағылымды насихат сөздер айтып, кәсіби бағыт-бағдар берді.

Кездесу барысында студенттер өндіріс орындарындағы нақты тәжірибемен танысып, өздерінің болашақ кәсіби жолына қажетті маңызды мәліметтер алды.

Іс-шара соңында кәсіпорын тарапынан студенттерімізге сый-сияпат ұсынылып, жастарға ерекше қолдау көрсетілді.

Бұл сапар – болашақ мамандардың кәсіби көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, еңбек адамына деген құрмет пен жауапкершілікті арттыра түскен тағылымды кездесу болды.

©️Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: