Кешегі өткен ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен болған референдум өз мәресіне жеткен болатын. Қазақстан халқының 70 пайызға жуығы өз таңдауларын жасады. «Жаңа Қазақстанды» құруда, дамытуда ел игілігі үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын уақытта келіп жеткен сияқты. Халқымыз жәнЕ Мемлекет басшысы дұрыс шешім қабылдады деп үміттенеміз.
Менде жаңа қазақстанды құруда өз көмегімнің тигенін қалаймын. Және оны борышым деп білемін. Студенттерге тегін білім беріп қана қоймай, шәкірт ақымен қамтамасыз ететін мемлекетімізге барша студент қауымының атынан алғыс айтамын. Сондай-ақ өз құрбы құрдастарыма артылған үмітті ақтау үшін сапалы білім алып, жақсы маман болыңдар дегім келеді. Осы орайда қолымнан не келеді деп қарап отырмай, артымнан ерген іні-қарындастарыма дұрыс жол сілтеп, өмірден алған кішкене тәжірибемді бөлісіп отырсам, кешегі Әлихан мен Ахметтердің, Ыбырай мен Сәкендердің алдындағы аманатымның атқарылғаны болмас па еді? Қазақтың көзі ашылып, ғылым мен білімнен жол іздеуі олардың арманының орындалғаны емес пе? Абай атамыз ғылымсыз оқылған намаз, қылған хаж, ешбір ғибадат орынын таппайды демеп пе ед? Ендеше, ғылым мен білімге көңіл белейік.
Бұл жолда ірге тасы сонау 1934 жылы қаланған Қазақ Ұлттық Университетінің алатын үлесі зор. Үлкен мүмкіндіктер ордасы болған Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне алғысым шексіз! Білім беру саласының кез келген бағытында үздік шәкірттермен, ғалымдарды даярлап жатыр. Менде осы қасиетті қара шаңырақтың студентімін. Соңғы оқу жылына да қадам басқалы жатырмын. Бір жылда диплом алып, осы университеттің қабырғасынан магистрлық диплом алсам дегенде мақсатым бар. Мектеп бітіруші түлектерді өзімнің білім алып жатқан, алтын ұям Қазақ Ұлттық университетіне шақырамын. Университеттің деңгейімен дәрежесі ұлттық, мемлекеттік емес әлемдік дәрежеде екенін мақтанышпен айта аламын. Мамандарды даярлауда білікті ұстаздармен қатар, профессорларда өз білгенімен бөліседі. Ғылымның кез келген саласына дем қойған жастарға мол мүмкіндіктер ордасы.физика, IT, биология мен философия, филология мен экономика, математика мен химия, керек десеңіз журналистика мамандарында даярлауға әзір. Білім ошағының жеке студенттік сарайымен қатар, Әл-Фараби атамыздың атына берілген үлкен кітапханасы да бар. Кітаптарды жатақханадан шықпай ақ, онлайн түрде оқып білім нәрімен сусындауыңызға да болады. Бір маусымда 25 мыңға жуық шәкіртті өз құшағына сыйдырған ҚазҰУ қалашығы сіздің студенттік шағыңызды естен кетірмес естеліктерге бөлейді!
Сөз соңында өз мамандығым жайлы да айтып өтсем деймін. Мамандығым дінтанушы. Бұл мамандық несімен қызықты дейтін жандар болса, менің сөздерімді назар салып оқысаңыздар деймін. Дінтану бұл Қазақстандағы жаңа салалардың бірі және бірегейі. Дамушы сұранысқа ие болашақтағы топ 20 мамандықтар қатарына енеді. Физика, химиядағы секілді формулалармен шектеліп, нәтиже күтетін салалардай емес. Әрдайым ізденісті, ынта мен жігерді талап ететін сала. Діннің шығу тарихы мен құлшылықтарын, географиялық орнына байланысты діндердің жіктелуін, сіз көрмеген наным-сенімдердің бар екенін естіп білесіз.Өз ата-бабаңыз ұстанған дінді жіті зерттеп, рухани кемелденуіңізге үлкен септігін тигізеді. Араб тілін үйреніп жазып, сөйлеп, Құран аяттарын түп нұсқада оқи алатын боласыз. Зерттелмеген тақырыптар өте көп. Солардың бірін қолға алып, білек сыбана кірісер болсаңыз, дінтанушы атанып, жаңа кітаптың авторы болып кетеріңізге мен кепілдік беремін. Оқуды тамамдағаннан соң, «жұмыссыз қаламын» деген ой сізді мазаламайды. Жергілікті әкімшіліктің ішкі саясат бөлімдері, мектеп мұғалімі, халал сертификаттары орындарында, құзырлы органдарда жұмыс істеу мүмкіндігі сізге бұйырады. Мен қазіргі таңда Алматы қаласының экстремизм мен терроризмге қарсы басқармасында пратикадан өтудемін. Бөлім басшылары оқуымды тамамдаған соң, осы жерде жұмысқа қалуыма болатынын айтып, ұсыныс жасауда. Біздің университетпен бұл мекеме тығыз әріптестік байланыс орнатып отырған жайы бар.
Мен, ҚазҰУ таңдағаным үшін қуаныштымын. Сізде бұл үлкен білім ордасының шәкірті болыңыз жас түлек!
Наурызбай МӘЛІКОВ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!