Қызылорда облыстық Ішкі Саясат басқармасының тапсырысымен «Ай-Қанат» Жастар Қоғамдық Бірлестігінің ұйымдастыруымен «Еріктілер қозғалысын дамытуға арналған әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында 2021 жылдың 10-12 тамыз күндері аралығында Облыстық жастар ресурстық орталығының ғимаратында (сол жағалау) волонтерлік қызметті үйлестіретін мамандарға арналған семинар-тренинг өтті.
Шараға Қызылорда қаласы мен барлық аудандардағы жастар орталықтары мен жастар ұйымдарындағы волонтерлік қызметті үйлестіретін 30-ға жуық маман қамтылды.
Спикер «ASSA» Шымкент қаласының ACCESS түлектері» жастар қоғамдық бірлестігінің Президенті, БҰҰ-ның ұлттық еріктісі Данара Саранова өз тәжірибесімен бөлісіп, қатысушыларға керемет әсер қалдырды.
Үш күндік оқыту семинары барысында мамандар волонтерлікті дамытудың 7 жалпыұлттық жобасы, өңірімізде волонтерлік қозғалысты дамыту және Волонтерлік қызметтің халықаралық және отандық жұмыс тәжірибесі сонымен қатар, азаматтар, азаматтық қоғам институттары, бизнес-сектор және мемлекеттік құрылымдар арасында волонтерлік мәдениетті, бастамалар мен қызметті қалыптастыру, қолдау және дамыту мақсатында сабақтарға қатысып, тәжірибе жинақтады.
12 тамыз – Халықаралық жастар күні аясында аталмыш үш күндік семинар қорытындыланып, қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Үш күндік семинар қорытындыланды
16.08.2021, 16:44 392
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!