Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Таңдау

17.09.2024, 16:13 51

Иә, әркімнің мына өмірде өзіндік орыны бар. Әртүрлі мамандықтар, әр түрлі салалар… Бірақ та, өмірдегі ең дұрыс шешімдердің бірі жаныңа жақын болған, көңіліңе қуаныш, жаныңа рахат сыйлайтын  мамандықты таңдау. Әр адамның бойында тулай тасыған бір қабілет, дарыны бар. Оны тапқан және сол бойынша жұмыс жасаған адам, осы дүниенің бақытына жолықпақ. Ал егер, Тәңірдің берген бойдағы дарынды, қасиетті пайдаланып, өмірден өз орыныңды таппасаң немесе сүйіп тұрған мамандығыңнан бет бұрып, өзеннің ағысын бұрып жіберсең, онда сол сала бойынша мықты маман иесі болып шығуың екі талай. Жақсы көрмейтін жұмыстан не хайыр болсын?

  Мен болсам осындай оймен, жүрек сырын, іштегі қабілетімді іздеп, өзімше саралап , жаныма жақын болған мамандығымды таптым. Ол – ақиқат пен шындықты таразылап, адамға шынайылықты көрсететін, әлемде болып жатқан жаңалықтарды жұрттың білуіне себепші болатын  –  Журналистика мамандығы. Мен бұл жолды, әділдік пен шындықты бойыма сіңіріп өскендіктен, оның не екендігін түсінгендіктен, Құдайдың берген сөз саптау мәнеріммен, құлақ құрышын қандырарлықтай дауысымның елге пайдасын тигізгенін қалап осы жолды таңдадым,және де еш өкінбеймін. Бұл жол қыз баласына ауыр шығар… Бірақ та әділдікті, шынайылықты, ақиқатты алға қойған аруға, алдағы сыннан қорқар ешқандай да діріл сезім кеудемді тұншықтырмақ емес. Өтірік сөздерге толы заманда, жалғанның жетегінде, көппен бірге өзеннің ағысымен кете бергенше, ағынға қарсы жүзіп, ақиқатқа бет бұрғаным мың есе артық. Өлі балық қана ағынмен жүзіп кете береді, ал тірі балық болса, қанша қиын болса да ағынға қарсы жүзбейді ме? Ендеше осын-ау кірпіш дүниеге, кетігімді тауып қалануы ма не бөгет? Мендегі толқын, шындыққа деген махаббат, осы мамандыққа қарай жетелеп алып келді.

   Қорытындылай келсем, өмірде оңай жұмыс жоқ, әр саланың өзіндік қиындығы бар. Бірақ Құдайдың қалауымен, Құдайдың берген нығметін, бойдағы талантын пайдаланып, сол бойынша өмір азығын тапқан адамға, өз мамандығының қиындығы бола қоймас. Ата-аналар баласының министр, әкім болғанын қалағанша, баламен жеке сырласып, бойындағы талантын ашса, ертеңгі күні далада қалмайтыны анық.

Қалабай Мерей

Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының үйірме мүшесі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: