Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Талпынғанның табаны тастан тауға бір қадам

04.07.2023, 18:06 339

Адамзат үшін ізденіс пен еңбек, талап, қайрат оның өмірін құрайтын негізгі бөлшектер. Ар-намыс ақидасын ту еткендердің жинайтыны – ырыс, алатыны – береке. Жаман айтпай, жақсы жоқ. Талпыныс жасамасаң, табаның тасқа да, тауға да жетпейді. Әр дүниені бір шалып, өзіңді соның төңірегінде жауапкершілікке байлай алмасаң, жетістік желкені көтерілмейді де. Бағытың нықталмайды. Сорақысы – мақсатсыз өмір сүресің. Біздің қорқатынымыз – осы.

Мектеп кезінен бері бар ынтамды салып тұрып, шығармашылық әлемінің есігін қағып, журналистика дейтін желкені биік алып кемеде жүруді мақсат еттім. Шерхан Мұртазаның «арқалағаны алдын, жегені жантақ» деп теңейтін жорналшылық жолда таудай талап, мызғымас мақсат болмаса, күткенің мен күдерің үзіліп түседі. Қаламды қару ету дегенді бұрын түсінбеуші едім. Қазір нағыз сол дүниенің майталманына айналудың адымын басып келемін.

Ұлы ойшыл, пәлсапашы Әл-Фараби «Дүние қума, дүние табатын ілім қу» деген қанатты сөзімен бойымды бір серпілтті. Жазу әлеміне бір сүңги кетсем, шықпауға асығамын. Сия мен қалам досым істпеттес. Жаныма жақын саланы қанша мақтап, мерейін асырсам да, оның қауіп-қатерін ешқайда қоя алмайсың. Ақпараттық тасқын астында қалмау үшін оны игере білуді үйренгім келеді. Үйрену барысында біліктілігніммен қоса, тәжірибе алаңымды кеңейтіп, тырысып келемін. Тиісінше біреуге әсер етерлік жазба қадыруды әуеске айналдырдым. Міне, журналистика жолында талпынып та, еңбектеніп те жүргендіктен, шығар тауымның биік боларына сенемін. Әрине, ол үшін еңбек пен ізденіс серігіме айналуы тиіс. Мен қазір қос қасиетті қомдауға талпынып жүрмін.

Дилназ Молдабаева,

Қазалы ауданы, Ақсуат ауылы,

№100 орта мектептің бітіруші түлегі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: