Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Qyzylorda Jastar Fest» мерекелік гала-концерті өтті

12.08.2025, 9:00 251

HALYQLINE.KZ

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай, кеше Қызылорда қаласында «Qyzylorda Jastar Fest» мерекелік гала-концерті өтті.

Мерекелік кеш шығыс жастарының жалынды жетекшісі болған Ғани Мұратбаев ескерткішіне тағзым гүлін қою рәсімімен бастау алды. Әрі қарай іс-шара спорттық сайыстарға ұласып, концерттік бағдарлама аясында аймақтың үздік әншілері, би топтары көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Жастар арасында түрлі байқау мен заманауи би сайысының жеңімпаздары, жас таланттар және жастар саясатының дамуына үлес қосқан белсенділер қала әкімінің арнайы алғыс хаттарымен марапатталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: