HALYQLINE.KZ Сіздің ұлыңыз немесе қызыңыз неліктен көбінесе бұртиып жүр деп ойлайсыз? Қазіргі жастар неге басқалардан ерекше?
XXI ғасыр жасөспірімдері байқағандарыңыздай басқа заман жасөспірімдерінен ерекше. Олар тез бейімделеді, ортаға тез сіңіп кетеді әрі цифрландыру жүйесін де осы жасөспірімдер ең алғаш меңгерген. Жасы үлкен адамдардың айтуы бойынша «қазіргі жасөспірімдер ешқандай қиындық көрмеді, ішкендері алдында, ішпегендері артында, ашаршылықты не соғысты көрмеді, өздерінен-өздері бұртиып алып, ештеңені жақтыртпайды» дейді.
Иә, расымен де біз басқа замандағылардан қарағанда соғысты көрмедік. Бізге дейінгі жасөспірімдер жылдарында дүниежүзі бойынша соғыс көп болған. Ашаршылық дегенді де білмедік. Бірақ әр заманның өзінің қиындығы болады. Себебі, бұл – өмір.
Мысалы 2020 жылы болған коронавирус, әке-шешенің ажырасып кетуі, отбасы мүшелерінің «ақша табамын» деп бізге көңіл бөлмеуі, адамдардың мейірімсіз болып, кішкентай балаларды ұрып, қыздарды зорлауы. Сонымен қатар телефон. Оның қазіргі жастардың мінез-құлықына әсері үлкен. Біздің бұртиып, ештеңені жақтыртпауымыздың да бір себебі – осы. Өйткені, телефоннан яғни, стористан блогерлардың өміріне қызығып түңірену басталады, я болмаса достарымызбен хабарламалар арқылы ұрысып та қалып деппрессияға ұшыраймыз.
Барлығына кінәлі телефон емес. Оның әртүрлі себебі бар. Дегенмен телефонды жөнімен пайдаланған дұрыс.
Жасөспірімдерге айтарым, басқаның өмірін стористан бақылап, көңіліңіз түспесін. Оның бәрі – еңбек. Сіз де еңбек етіп, өмірге шынайы қарасаңыз, міндетті түрде бақытты боласыз. Бірақ қиындық кездесетінін ұмытпаңыз!
Аружан,
bugin.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!