«Проза» номинациясы бойынша Жылқыбай Досханның «Квант» туындысы, «Поэзия» номинациясы бойынша Еділбек Дүйсеновтің «Қалалық құстар» өлеңдер топтамасы, «Драматургия» номинациясы бойынша Айтолкын Ашимованың «Тау көтерген Толағай» драмалық туындысы, «Балалар әдебиеті» номинациясы бойынша Олжас Қасымның «Атың озсын, азамат!» топтамасы жүлделі орынға ие болды. Осы шарада Қазақстанның 75 әдебиет және өнер қайраткері мемлекеттік стипендияға ие болды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жас ақын-жазушыларға мемлекет премия тағайындап, туындыларын басып шығаратынын айтты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!