Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Премьер-министр өңірлерде қолжетімді баспана бағдарламаларын жандандыруды тапсырды

10.03.2026, 11:20 22

Үкіметтің бүгінгі отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов тұрғын үй құрылысы мәселесіне ерекше тоқталып, мемлекеттік органдарға баспана салу жоспарын толық орындаудың маңыздылығын атап өтті.

Үкімет басшысы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарларының орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Оның айтуынша, жаңа тұрғын үйлер салумен қатар қалаларда қолайлы әрі жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға баса мән беру қажет.

«Қалаларда жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу керек. Мектептер мен балабақшалар, ауруханалар тұрғындар үшін жақын әрі қолжетімді болуы тиіс. Сонымен қатар инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары да жоғары қарқынмен жүргізілуі қажет», — деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Премьер-министр ірі қалаларда құрылыс көлемі жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті. Әсіресе Астана мен Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Сонымен бірге ол моноқалалар мен ауылдық жерлердегі тұрғын үй құрылысына да ерекше көңіл бөлу керектігін айтты.

Осыған байланысты Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне «Бәйтерек» холдингімен және жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған өңірлік бағдарламаларды іске асыруды жандандыру тапсырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: