Аймағымызда жастар саясатын дамыту және жергілікті пікір сайыс орталығының жұмысын тиімді әрі жүйелі ұйымдастыру мақсатында ағымдағы жылдың 10-13 желтоқсан күндері аралығында «Qosyl» қалалық жастар ресурстық орталығы мен «Қызылорда-Ақиқат Айнасы» ЖҚБ бірлесіп орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында «Пікірсайыс клубтарын ашу және жұмысын жандандыру» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды.
Тренингте клуб жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу барысында туындайтын мәселелер, алда жоспарланған шаралар және жоспарлы клубішілік турнирлер талқыланды. Барлық оқу орындарынан 100-ге жуық оқытушылар қатысып, еліміздегі ахуалға байланысты төрт топқа бөлініп, жұмыс жүргізілді. Республикалық деңгейдегі білікті пікірсайысшы, сарапшы мамандар оқыту жұмыстарын ұйымдастырып, оқу орындары бойынша сараптама жасады. Қорытынды бойынша алдағы уақытта тұрақты оқытулар мен тәжірибе алмасу бағытында пікір сайыс турнирлерінің қажеттілігі анықталды.
Арнайы оқытулардан кейін тәжірибе алмасу және Тәуелсіздіктің 29 жылдығына орай «Тәуелсіздік – тарихтың төл тартуы»атты қалалық пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды. Қатысушылар тәуелсіз Қазақстанның тарихы, әлемдік және мемлекеттік шешімдері, даму барысы турасында сан алуан ақпараттар мен ой таластырып, өздері үшін жаңа құндылықтар мен білім ала алды.
Қатысушылар АПФ (американдық парламенттік формат), ЛД (Линкольн-Дуглас) форматтары бойынша бақ сынап, турнир соңында қатысушылар арнайы алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды..
Бекен Ғалымжанұлы,
«QOSYL» қалалық жастар ресурстық орталығының маманы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!