Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімі грантына құжат қабылдау басталды

06.08.2025, 5:30 232

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Жанадиловтың төрағалығымен өткен облыс әкімінің грантына студенттерді іріктеу бойынша үйлестіру Кеңесі отырысының хаттамалық тапсырмаларына сәйкес өңірге қажет мамандықтар бойынша 2025 жылға Қазалы ауданына 9 грант бөлінген.

Атап айтқанда:
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне:

  • Азық-түлік өнімдерін өндіру технологиясы -1;
  • Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы – 1;
  • Агрономия -1;
  • Су ресустарын басқару -1;
  • Жерге орналастыру-1;
  • Дәстүрлі музыка өнері -1;
  • Құрылыс (құрылысшы, инженер құрылысшы, жобалаушы инженер)-1;
  • Электр энергетикасы -1;
    C.Д.Асфендияров атындағы медицина университетінің Жалпы медицина мамандығына 1 грант бөлінген.
    Аталмыш көмекті алуға, балалар үйінің тәрбиеленушілері (отбасылық үлгідегі балалар ауылы мекемесінің түлектері) мүмкіндігі шектеулі балалар; жетім балалар; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; асыраушысынан айырылған отбасылардың балалары; ата-анасының екеуі немесе біреуі зейнеткер болып табылатын, тұрмысы төмен отбасыларының балалары; ата-анасының екеуі немесе біреуі мүгедектігі бар болып табылатын балалар; көп балалы отбасылардың балалары; аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар құжаттарын тапсыра алады.
    Грант иегерлерінің тізімі жарияланғаннан кейін, ҰБТ-дан мемлекеттік грантқа іліге алмай қалған халықтың осал топтарындағы мектеп бітіруші балалардан «Қазалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың 5-шы тамызынан бастап 15-ші тамызына дейін құжаттар қабылданады.

Мекен — жайы: Әйтеке би кенті, Төремұрат жырау көшесі №7.
Тел: 8(72438)26-0-15

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: